Ссылки доступа

Тәжікстанда құтқарушылар жылан шағып алған ресейліктің өмірін құтқарып қалды


Тәжікстанның төтенше жағдайлар комитеті қызметкерлері Варзоб ауданы Сиёма алқабында жылан шағып алған 29 жастағы ресейлік туристке алғашқы жәрдем көрсетіп, Душанбедегі ауруханаға жеткізді.

Бұл жөнінде "Озоди" радиосы хабарлады.

"Жәбірленуші негізгі жолдан алты шақырым жоғарыда болған. Құтқарушылар таудың басына шығып, алғашқы жәрдем көрсетіп, төменге алып түсті", - деп жазылған мәліметте.

Тәжікстанда ресейлік туристер саны көбейген. Оған Украинада соғыс басталғалы бері Батыс елдері орыс азаматтарын кіргізбей жатқанымен байланыстырады. Ресейлік туристердің көбі соңғы жылдары Орталық Азияға көптеп келе бастаған.

XS
SM
MD
LG