Ссылки доступа

Қырғызстан мұнай трейдерлері қауымдастығы автогаз тапшы деген мәліметті жоққа шығарды


Қырғызстан мұнай трейдерлері қауымдастығының басшысы Қанат Эшатовтың хабарлауынша, елде автокөлікке арналған сұйық газ тапшылығы жоқ, автогаз шағын май құю бекеттерінің бірқатарында ғана кездеспейді.

Қанат Эшатов 9 шілдеде Азаттықтың Қырғыз қызметіне осылай деп хабарлады.

Осының алдында Бішкек қаласы мен басқа да өңірлердің тұрғындары май құю бекеттерінде автогаз жоқ екенін айтып, Азаттыққа шағымданған.

Эшатовтың мәлімдеуінше, 1-2 бекеті ғана бар шағын компаниялар зауытпен газ жеткізу туралы келісім-шартқа отырмаған.

«Ірі компаниялар зауыттармен келісім-шартқа отырған. Оларда газ да бар. Сатып жатыр. Ресей темір жолдарында қиындықтар туындап, соның салдарынан шағын және орта компанияларда автогаз таусылып қалған» дейді ол.

Эшатовтың айтуынша, Қырғызстанда автокөліктердің кем дегенде 10 пайызы газбен жүреді.

XS
SM
MD
LG