«7 шілдеде 17 сағат 20 минутта Сарысу ауданында толассыз жауған жаңбырдан су көп жиналып, Жаңатас қаласындағы 13 көшеде барлығы 47 үйді, бір әлеуметтік нысанды және 400 ауланы су басты» деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.
Бұған қоса, аудандық маңызға ие Жаңатас – Саудакент жолын су басқан. Жол жабылған. Жексенбі күні кешке жергілікті әкімшілік жол ашылғанын хабарлаған.
Қазір су деңгейі түсіп келеді.
Жамбыл облыстық әкімдігі шығынды есептейтін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.