Салық қызметінің мәліметіне сәйкес, олардың ішінен 65 745 субъект біріңғай салық негізінде салықтың оңайлатылған жүйесін таңдаса, стратегиялық нысандарға енгізілген "Дордой" және "Тураталы эл базарында" ("Кара-Суу") істеген 17 141 субъект өзгеше салық жүйесіне көшті.
Қырғызстанда 1 шілдеден бастап патент негізінде сауда жүргізу тоқтатылды.
"1990 жылдары енгізілген патент жүйесі орта және шағын кәсіпті дамытуда маңызды рөл ойнады. Бірақ ол көмескі экономиканың өсуіне алып келді", - деп мәлімдеді салық қызметі.