Жергілікті «Лада» басылымының хабарлауынша, 19-ықшам аудан тұрғындары наразылығын осылай білдірген.
Қалалық әкімшіліктегілер ықшам аудан тұрғындарына тиісті мекемелердің өкілдерін жіберетінін хабарлады.
Басылым мәліметінше, биыл шілдеде осы ауданның халқы су тапшылығынан жолды жапқан. Сол кезде билік адамдарға жағдайды түсіндірген.
Сейсенбі күні әлеуметтік желілерде жарияланған видеоға қарағанда, жиналғандарды жолдың ортасына шыққан. Сол жерге билік өкілдері мен күш құрылымдарының қара киген, бетіне маска таққан өкілдері жеткен.
Тұрғындардың бірі бесінші күн бойы сусыз отырғанын айтқан.
9 шілдеде әкімшілікте Маңғыстау облысында су мәселесі жөнінде жиналыс өткен. Билік мәліметінше, қазір ауданға 40 мың текше метрдей су жетіспейді. Ақтауға күніне 20-25 мың текше метр ауызсу қажет.