Ссылки доступа

Тәжікстан: Жайхун базарындағы өрт 14 млн сомони шығын әкелді


Тәжікстанның Хатлон облысы Жайхун ауданында базар өртеніп, 14 млн сомони (1,3 млн доллар) шығын әкелді.

Жергілікті билік өкілінің хабарлауынша, базардағы өрттен шығынға батқан кәсіпкерлерге жеңілдік жасалған. Оларға банктен алған несиелерін қайтаруға қосымша уақыт беріледі. Бұған қоса, осы базарда істегендер салық төлеуден уақытша босатылады.

Жайхун орталық базары 2 шілдеге қараған түні өртенді. Базардағы 400-ден аса дүкен мен сауда нүктесі өртеніп кетті.

Жайхун ауданы тәжік-ауған шекарасына жақын орналасқандықтан, өңір тұрғындары осы базардан тауар алатын.

XS
SM
MD
LG