Ссылки доступа

Қырғызстанда екі журналист ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, екі журналист ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды.

Комитет мәліметінше, БАҚ өкілдері ақша бопсалау әдісіне жиі жүгінген. Олар жол полициясының рейдтеріне қатысып, жол ережесін бұзған адамдардан ақша бопсалаумен айналысқан.

9 шілдеде журналист пен оператор 2 мың доллар алып жатқан кезде ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қылмысқа кінәлі басқа да лауазым иелері анықталып жатыр.

ҰҚМК бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де кәсіби қызметінің көмегімен ақша бопсалағаны үшін жауапқа тартылатынын ескертті.

XS
SM
MD
LG