Ссылки доступа

Мирзияев Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жолы келісімін бекітті


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 8 шілдеде Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жолы құрылысы туралы келісімді бекітті. Бұл туралы әділет министрлігі хабарлады.

Үш елдің үкіметі арасындағы әріптестік туралы келісімге биыл 6 маусымда Пекинде қол қойылған.

Өзбекстан жағынан көлік министрлігі келісімді жүзеге асыруға жауапты болады.

Жаңа темір жол дәлізі Еуразияның Оңтүстік-Шығыс, Батыс Азия және Таяу Шығыс, Еуроодақ нарықтарын қамтитын көпірге айналады.

Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстан парламенті келісімді 19 маусымда мақұлдаған. Қырғыз үкіметінің мәліметінше темір жол құрылысы биыл тамызда басталады.

XS
SM
MD
LG