Ссылки доступа

Түркия Өзбекстанға 34 әйелді депортациялады


Түркияның ішкі істер министрлігі жанындағы Силиври депортация орталығынан 34 әйел босатылып, Өзбекстанға қайтарылды. Бұл жөнінде Өзбекстанның отбасы және әйелдер комитеті мәлімдеді.

Комитет ұсынысымен биыл 21-25 сәуір күндері Өзбекстанның сенаты, ішкі істер министрлігі, сыртқы істер министрлігі, сыртқы еңбек миграциясы агенттігі өкілдерінен құралған жұмыс тобы Түркия қалаларында көшпелі қабылдау ұйымдастырған.

Қабылдау мақсаты - мигрант әйелдерді қылмыстық, адам саудасы құрбаны болудан қорғау және мәжбүрлеп жұмыс істету фактілерін тоқтату болған.

Кездесу барысында 255 әйелдің мәселесі талқыланған. Нәтижесінде Силиври депортациялау орталығынан 34 әйел босатылып, отанына қайтарылған.

4 әйелге заңдық тұрғыдан көмек беріліп, 100-ден астам әйелге көмек көрсетілген. Тағы үш әйел бостандыққа шығып, 2 қатты ауырған науқас Өзбекстанға жеткізілген.

XS
SM
MD
LG