Ссылки доступа

Қырғызстанда "БАҚ жөніндегі" жаңа заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды


Қырғызстанда "Бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" жаңа заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды.

13 наурызда құрылған жұмыс тобы әзірлеген жобада онлайн платформалар және ақпарат құралдары міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс деген талап алынып, редакция қалауымен тіркеуден өтсе болады деп және басылымның дереккөзін құпия күйінде сақтау құқығы қалдырылған.

Осыған дейін Қырғызстан аумағында жұмыс істейтін БАҚ-қа шетелдіктердің қатысуы 50% аспауы тиіс деп айтылса, енді мұндай талап тек телеканалдарға ғана тиісті болмақ.

Жаңа редакцияда ақпарат құралдарын жауапкершіліктен босатудың талаптары да қарастырылған. Оған сәйкес, ақпарат егер ресми бұлақтан алынса, қоғамдық жиындарда жария түрде айтылса, жауапкершіліктен босатылады.

XS
SM
MD
LG