Ссылки доступа

HRW Астананы ЛГБТ насихатына қарсы петицияны қабылдамауға шақырады


Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы қазақ билігін "Қазақстанда ЛГБТ насихатына қарсымыз!" деген петицияны қараудан бас тартуға шақырады. Құқық қорғаушылар бұл петицияны "еркіндікке қауіп төндіреді" деп алаңдайды.

10 шілдеде HRW сайтында жарияланған мәлімдемеде петиция азшылық құқығын бұзады, олардың еркіндігін шектейді деген уәж айтылған. Сонымен бірге бұл Ресейдің репрессиялық заңдарын қайталауы мүмкін деген қауіпін да жеткізеді.

"Егер "пропагандалық" ұсыныс қабылданатын болса, Қазақстан адам құқығына қатысты халықаралық міндеттемелерін бұзады",- деп есептейді HRW.

Қазақстанның ата-аналар одағы бірлестігінің төрайымы Бағила Балтабаева "Біз ЛГБТ-ны Қазақстан аумағында насихаттауға қарсымыз!" деген ұсыныспен 50 мың адамның қолын жинаған. Елдің мәдениет министрлігі бұл мәселені қарау үшін арнайы жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG