Ссылки доступа

Өзбекстанда 14 жастағы қызды сексуалдық құлдықта ұстағандар сотталды


Өзбекстанның Қашқадария облысы Шахрисабз аудандық соты бір әйел мен екі ер кісіні он төрт жастағы қызды сексуалдық құлдыққа салғаны үшін кінәлі деп тапты.

Былтыр қарашада кәмелет жасқа толмаған қыз балалар омбудсменіне шағымданып, қышлақтың Н. А. есімді тұрғыны оны жарты жылдай құлдықта ұстап, әркіммен жыныстық байланысқа түсуге мәжбүрлегенін айтқан.

Балалар омбудсменінің сұрауымен Өзбекстан бас прокуратурасы істі бақылауға алған.

Сот Н. А. есімді әйелді «адам саудалап», «кәмелет жасқа толмаған адамды ерсі әрекетке итермелегені» үшін 7,5 жылға соттады.

А. Ф. және Ш. У. есімді кісілер «кәмелет жасқа толмаған қызды зорлағаны» үшін 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Олар жазаны толық өтеуі тиіс.

Жәбірленушіге көмек көрсетіліп жатыр.

XS
SM
MD
LG