Ссылки доступа

Бішкек милициясы 25 жастағы қыздың өлімін зерттеп жатыр


Қырғызстан астанасы Октябрь аудандық милициясы 25 жастағы Айтұрған Маматқұлованың өлімін тергеп жатыр. Бұл туралы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған қоса, Қырғызстан омбудсмен институты осы істі бақылауға алған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, Маматқұлова күйеуінің соққысы салдарынан қайтыс болған. Қыздың өлгенін оның жеңгесі бірінші болып естіген. Маматқұлованың күйеуі оған хабарласып, әйелі дәрі ішіп өлмек болып, ауруханаға түскенін айтқан. Бірақ ауруханадағылар оның денесін мәйітханаға жібергенін естірткен.

Қыздың сүйегін үйге алып келген уақытта туыстары оның денесіндегі көгерген іздерді байқаған. Сол сәттен бастап олар қыз өлгісі келді деген сөзге күмәндана бастаған.

Айтұрған Маматқұлова 2023 жылғы шілдеде тұрмысқа шыққан. Туыстарының айтуынша, қыз тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болған. Марқұмның күйеуі мен туыстары журналистермен сөйлеспей отыр.

XS
SM
MD
LG