Бұл туралы Брянск облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Сот мәліметінше, сотталған жігіт қылмыстық топпен байланыс орнатып, солар үшін курьер қызметін атқарған.
«Телефон алаяқтары жол апатына түсті деген желеумен адамдардан ақша талап етумен айналысқан. Күдікті әр адамнан 400 000 рубль алып, оны сыбайластарының есебіне аударып отырған» деп хабарлады сот.
Мәліметтерге қарағанда, сотталушы кінәсін ішінара мойындап, жәбірленуші шығынын толық өтеген. Соны ескерген сот оны екі жылға соттаған. Әзірге сот үкімі күшіне ене қойған жоқ.