Ссылки доступа

Өзбекстанда "Вагнер" қатарында соғысқа қатысқан азамат жауапқа тартылды


Өзбекстанда "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы қатарында Украинадағы соғысқа қатысқан 26 жастағы Шавкат Йулдашев екі жарым жыл қара жұмысқа тартылды. Бұл жөнінде елдің Жоғарғы соты мәлімдеді.

Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылы Ресейге барып, құрылыста істеп жүрген Йулдашев 2021 жылы есірткіні заңсыз өндіру, тарату бабы бойынша жеті жылға бас бостандығынан айырылған. 2022 жылдың күзінде түрмеде жатқан жерінен "Вагнер" компаниясына азғырылып, Украинаға қарсы соғысқа жөнелтілген.

Майданда бір жарым жыл жүріп, "Ерлік медалымен" марапатталып, 2023 жылдың тамызында Өзбекстанға оралғанда, ұсталған.

Өзбекстан заңдарында өзге елде соғыс әрекеттеріне қатысқан адам бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бірақ Жоғарғы сот Йулдашевке не себептен жеңіл үкім шығарғанын түсіндірмеді.

XS
SM
MD
LG