Ссылки доступа

Литва Жоғарғы соты тәжік белсендісін тұтқындау жөніндегі өтінішті қабылдамады


Литва Жоғарғы соты тәжік белсендісі Сулаймон Давлатовты тұтқындау жөніндегі өтінішті қабылдамады. Бұл өтінішті Литваның миграция қызметі жіберген. Онда Давлатовты "ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді" деп атаған.

Миграция қызметі алдымен бұл өтінішті Вильнюс сотына жолдаған. Бірақ 4 маусымда сот Сулаймон Давлатовты арнайы заңсыз мигранттарды ұстау орталығында ұстау мерзімін созудан бас тартқан. Сол себептен миграция қызметі Жоғарғы сотқа өтініш түсірген.

Сулаймон Давлатов әлеуметтік желілерде ислам тақырыбында жиі сөз қозғайды, Тәжікстан билігін сынап келеді. Ол Литвада 5 сәуірде ұсталған. Ол содан бері Вильнюстағы заңсыз мигранттарды ұстау орталығында отырған.

Вильнюс сотының шешіміне сәйкес, Давлатов саяси баспана алуға құқығы бар және оның кәмелетке толмаған үш баласы бар.

40 жастағы Сулаймон Давлатов Вахдат қаласының тумасы.

Ол Тәжікстанда тыйым салынған "Группа 24" және Тәжікстанның Конструктивті күштер конгресінің мүшесі болған.

2015 жылы ол Тәжікстаннан кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG