Ссылки доступа

Ресейде ата-анасынан айрылған жеті бала Өзбекстанға қайтарылды


Ресейде ата-анасынан айырлған кәмелет жасқа толмаған жеті бала Өзбекстанға қайтарылды. Бұл туралы елдің отбасы және әйелдер комитеті хабарлады. Балалар әлеуметтік орталықтарда тұрып жатқан.

Өзбекстанға оралған балалар осындай орталыққа орналастырылады. Сосын оларды елде тұратын туыстарына тапсырады.

Комитет олардың қандай себеппен ата-анасының қамқорлығынан айрылғанын хабарламады.

Осының алдында Өзбекстан делегациясы жетім балаларды елге қайтару үшін арнайы Санкт-Петербургке барған. Делегацияны отбасы және әйелдер комитеті басқарған.

Сапар барысында Ресейде жқмыс істейтін 300-ден аса әйелдің еңбек жағдайы тексеріліп, оннан астам әйелді елге қайтару үшін көмек беру жөнінде шешім қабылданды.

XS
SM
MD
LG