Ссылки доступа

Тәжікстанда үш айда 2300 отбасы ажырасқан


Тәжікстанның ресми органдары биылғы жылдың алғашқы үш айында 2300-ден астам отбасы ажырасқанын мәлімдеді. Былай айтқанда, күн сайын 25 неке ресми бұзылады.

Тәжікстан парламентінің "Садои Мардум" газеті бұл көрсеткіш 2023 жылдың алғашқы тоқсанынымен салыстырғанда 618-ға азайғанын, бірақ бұл мәселе өзекті болып тұрғанын айтты.

Әйелдер және отбасы істері бойынша комитет өкілі Сабохат Рустам үшінші тараптың араласуы және "ала жіпті аттау" себеп болғанын "Садои Мардум" газетіне берген сұқбатында айтты.

Соңғы жылдары Тәжікстанда отбасын сақтап қалу мақсатында бірнеше бағдарламалар қабылданғанына қарамастан ажырасу азаймай отыр.

2023 жылы Тәжікстанда 10 мыңнан астам отбасы бұзылып, нәтижесінде 11 мыңдай бала толық емес отбасында тәрибеленіп жатыр.

XS
SM
MD
LG