Бұл туралы "Коммерсант" жазды.
Газет мәліметінше, дәріс төрт бөлімнен тұрады. Біріншісінде мигранттарға Ресейге кіру, жүріп-тұру, патент пен еңбек келісім-шартын рәсімдеу туралы айтылады. Онда «қарулы күштер сапында қызмет еткендер Ресей азаматтығын жеңілдікпен алатыны» ескертілген.
«Өзін қалай ұстеу керектігі» туралы бөлімде мигранттарға «өзін Ресейдегі қалыптасқан әдеппен ұстау» керектігі айтылған. Орыс тілін білу маңызды екені, бейтаныс адамға «бауырым», «қарындас» деп сөйлеуге болмайтыны ескертілген. Өткен-кеткен адамдар туралы, бұған қоса басқа да адамдардың жанында ана тілінде шүйіркелесуге болмайды. Діни ғұрыптарды көшеде өткізуге, көпшілік арасында дінді талқылау орынсыз екені айтылған.
Әйелдер мен ер азаматтар құқығы тең екені, бейтаныс адамға қол тигізуге, олардың назарын аудару үшін ысқыруға болмайтыны ескертілген.
Дәрістің үшінші бөлімі Ресей заңдарын бұзғандар үшін қандай жаза тағайындалатыны баяндалған. Дәріскерлер экстремистік және террористік әрекеттерге араласуға болмайтынын міндетті түрде ескертуі қажет. Бұған қоса, еңбек мигранттарына митингілер мен шерулерге қатыспауға кеңес беріледі.
Бейімдеу дәрісінің төртінші бөлімі Ресей мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынас тарихына арналған.
Ресейдегі еңбек мигранттары үшін бейімдеу дәрісі 2023 жылғы қыркүйекте дайын болған. Дәрісті Калининград, Мәскеу, Перм, Краснодар өлкесі, сонымен бірге Якутияда сынап көрмек.