Ссылки доступа

Путиннің Валдайдағы резиденциясына жақын жерге әуеден қорғаныс жүйесі орнатылды


Ресей президенті Владимир Путиннің Валдайдағы резиденциясынан 3,7 шақырым қашықтағы Рябиновый аралында  "Панцирь-С1" әуеден қорғаныс жүйесі орнатылды.

Зенит кешенінің спутниктен тартылған суреттеріне "Свобода" радиосы көңіл бөлді.

Әуеден қорғаныс жүйесі мұнарада орналасқан. Мұндай системалар Мәскеу облысында да байқалған. Журналистер Planet.com қызметіндегі спутниктен тартылған суреттерді зерттеп, әуеден қорғаныс позициясы 2024 жылдың наурыз айында орнатылған деген шешімге келген.

Astra резиденциядан шамамен үш шақырым қашықтықта әуеден қорғаныс жүйесіне ұқсайтын екі объект тұрғанын жазған.

2023 жылдың қаңтарында "Агентство" басылымы "Панцирь-С1" кешені Путиннің Валдай резиденциясынан алты шақырым қашықта – Новгород облысының Ящерово ауылында орнатылғанын хабарлаған.

Ресейдің қорғаныс министрлігіне қарасты Остафьево аэродромынан екі шақырым қашықтықта және Краснодар аймағындағы Путин резиденциясы делінген жерге жақын маңнан бірнеше әуеден қорғаныс системасы табылған.

XS
SM
MD
LG