Ссылки доступа

Ақылбек Жапаров Ошта селден зардап шеккендермен кездесті


Қырғызстанның үкімет басшысы Ақылбек Жапаров 15 шілдеде Ошта селден зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті.

Олар тауарларының денін сел ағызып әкеткенін айтып, үкіметтен көмек сұрады. Жапаров комиссия құрылып, зиян салдарын есептейтінін, көмек беретінін жеткізді.

14 шілдеде қатты нөсерден Ақ-Буура өзені тасып, орталық базарды су басқан.

Ош облысында үш өңірді су басқан. 642 үй бұзылып, 9 қоғамдық нысанға зиян келген.


XS
SM
MD
LG