Ссылки доступа

Мәскеуде қыз зорлады деген күдікпен екі қырғыз азаматы ұсталды


Мәскеу полициясы екі қызды зорлады деген күдікпен екі қырғыз азаматын ұстады. Бұл туралы Мәскеу тергеу комитеті хабарлады.

Мекеме мәліметінше, зорлық оқиғасы 9 шілдеде болған. Мас екі кісі пәтерде екі қызды зорлаған. Күдіктілердің бірі осы әрекетін телефонға түсірген.

Оның үстіне, екеуі де Ресейдің көші-қон заңдарын бұзғаны мәлім болды.

2024 жылғы қаңтарда Қырғызстан бас прокуроры Құрманқұл Зулушев Ресей түрмелерінде 1167 қырғыз азаматы отырғанын мәлімдеген. 994 қырғызстандық оларды елге көшіруден бас тартқан.

Қырғызстан еңбек министрлігінің мәліметінше, Ресейде Қырғызстанның 411 мыңға жуық азаматы тұрады. Бұрынғы жылдары Ресейде 1 миллионға жуық қырғыз азаматы жұмыс істейтін.

XS
SM
MD
LG