Ссылки доступа

Ташкентте Үндістанның бір азаматы өзіне қол жұмсады


Өзбекстан астанасында Үндістанның бір азаматы өзіне қол жұмсады. Ол өмірмен қоштасардан бұрын хат жазып қалдырып, жоқшылықтан шаршағанын мойындаған. Бұл туралы Өзбекстан бас прокуратурасы хабарлады.

Мекеме мәліметінше, Үндістанның 61 жастағы азаматы Ташкентте уақытша тұрған. Ол жекеменшік фирмада істеген.

Ол өмірмен қоштасардан алдын ағылшын және орыс тілдерінде хат жазып, отанында жерлеуді аманат етіп қалдырған.

Үндістан азаматының денесі 12 шілдеде күндіз фирма ғимаратының ванна бөлмесінен табылған. Ол сол қолы мен мойнындағы тамырды сақал қырғышпен кескен.

Прокуратура тексеру жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG