Клиенттер наразылығынан кейін елдің еңбек министрлігі компания лицензиясын тоқтатқан.
"Еврохантер" компаниясындағы проблема парламентке де жетіп, Жогорку Кеңештің төраға орынбасары Нұрланбек Азыгалиев жетекшілік еткен жиында миграция мәселелері, оның ішінде "Еврохантер" компаниясы да сөз болған.
2023 жылы күзден бері "Еврохантермен" 3 900 адам келісім-шартқа отырса, оның жүздейі ғана жұмысқа жіберілген. Олар келісім-шартқа отырғанда, ақшаның 50 пайызын төлеген.
"Еврохантер" төңірегіндегі жағдай Қырғызстанның миграция мәселесін күн тәртібіне шығарды.
Ресми мәліметке сәйкес, Қырғызстанда шетелге жұмысқа орналастырумен айналысатын 160-тан астам компания жұмыс істейді. Олар 26 елмен байланысып, талапқа сәйкес жұмысшыларды жұмысқа жөнелтеді.