Президент әкімшілігі сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиевтің айтуынша, сапар барысында Садыр Жапаров пен Шавкат Мирзияевтің қатысуымен бірнеше келіссөз ұйымдастырылып, екіжақты жобалар іске қосылады.
Өзбекстанда Қырғызстанның мәдени күндері өтеді. Ташкентте бизнес-форум, жоғары оқу орындары ректорларының кездесуі ұйымдастырылады.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2023 жылғы қаңтарда мемлекеттік сапармен Бішкекке барған. Екі елдің басшылары былтыр шекара мәселесі шешілгенін мәлімдеген.
2022 жылғы күзде Қырғызстанда Кемпір-Абад су қоймасы мен жерін Өзбекстанға беруге қарсы шыққан отызға жуық саясаткер мен белсенді ұсталған. Бішкек аудандық соты оларды биыл маусымда ақтады. Қазір осы іс прокуратура шағымымен қалалық сотта қаралып жатыр.