Ақпаратқа қарағанда, балалардың бірі Куляб қалалық, екіншісі Восе аудандық ауруханасында 16 шілдеге қараған түні көз жұмған. Олар ауруханаға 12 шілдеде жеткізілген.
Сараптама қорытындысы балалардың уланудан қаза болғанын растаған, бірақ неден уланғаны белгісіз.
Дәрігерлердің айтуынша, өткен аптада Восе аудандық ауруханасына улану белгілерімен тағы бес бала жеткізілген. Олардың бәрі Бахористон ауылының тұрғындары.
Дәрігерлер улану себебін анықтау үшін анализ үлгісін Душанбедегі зертханаға жіберген.