Қазір базар тазаланып бітті. Базар комиссия жұмысы аяқталған соң қайта ашылады.
14 шілдеде қатты жаңбырдан Ак-Буура өзені тасып, Оштағы орталық базарды, шеттегі ауылдарды су басқан.
Бес адам қаза болып, бірнеше көлікті сел ағызып әкетіп, үйлер, көпір, жолдар зардап шеккен. Саудагерлер шығынға ұшырады. Ошта және Кара-Суу ауданында жүздеген үй зиян шекті.
Президент Садыр Жапаров 17 шілдеде "Кабар" агенттігіне берген сұқбатында селден зардап шеккендерге көмек көрсетіледі деді.