Президент әкімшілігінің мәліметінше, заң шетел азаматтарына және шетелдік заңды тұлғаларға жер учаскесін алуға мүмкіндік бермейді.
«Нысан тұрған жерлер үкімет анықтайтын тәртіпке сай уақытша қолдануға беріледі» деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Ескі заңда шетел азаматтарына Ыстықкөлдегі нысандарды, туризм инфрақұрылымдарын жекеменшікке беруге тыйым салынған.
Жогорку Кеңеш осы құжатты маусымның ортасында қабылдаған. Заң авторлары оны шетел инвесторларын тартып, Қырғызстанның әлемдік туризм нарығына кіру үшін дайындағанын мәлімдеген.