Ссылки доступа

Байден тағы COVID-19 жұқтырды. Оның Лас-Вегастегі кездесуі өтпейтін болды


АҚШ президенті Джо Байден
АҚШ президенті Джо Байден

АҚШ президенті Джо Байден үшінші мәрте коронавирус жұқтырды. 81 жастағы саясаткер сәрсенбі күні Лас-Вегастағы сайлауалды науқанына барған. Ол кешке жақтастары алдында сөз сөлеуі керек болған, бірақ кездесу өтпейтін болды.

Байденнің дәрігері Кевин О’Коннор президент суықтап қалғанын баспасөзге хабарлаған. Алайда оның COVID-19 жұқтырғаны мәлім болып отыр.

Байденнің Лас-Вегасқа сапарынан хабар таратушы тілшілер мәліметінше, ол ұшаққа өте баяу көтерілген.

Джо Байден Делавэр штатындағы үйінде емделеді, бірақ президент міндеттерінің бәрін атқара береді.

АҚШ демократиялық партиясындағы белді саясаткерлердің дені және президенттің жақтастары Джо Байденге сайлауға қатысудан бас тартуға кеңес берген. Олардың пікірінше, 81 жастағы Байден Республикалық партия атынан сайлауға түсетін Дональд Трампқа айтарлықтай қарсылық көрсете алмайды, жеңіске жеткен күннің өзінде тағы төрт жыл сапалы жұмыс көрсетуі неғайбыл.

Алайда Байден әзірге сайлаудан бас тарта қойған жоқ.

АҚШ президентін сайлау 5 қарашада өтеді. Байденнің президент қызметінен үміткерлігі тамызда демократтар съезінде бекітілуі тиіс.

XS
SM
MD
LG