Ссылки доступа

Мирзияев әкімшілігі департаментінің басшысы «елден қашты» деген сыбысты жоққа шығарды


Комил Алламжонов
Комил Алламжонов

Өзбекстан президенті әкімшілігі ақпараттық саясат департаментінің жетекшісі Комил Алламжонов жергілікті баспасөз бен әлеуметтік желілерде өзі туралы жалған мәлімет көбейгенін айтты.

Алламжонов 17 шілдеде Ташкентте жергілікті БАҚ жетекшілері мен журналистермен кездескен.

Осының алдында департамент басшысы «қызметтен алынып, шетелге қашты» деген сыбыс тараған. Көпшілік оның өткен айда көрінбегенінен секемденген.

39 жастағы Комил Алламжонов президент Шавкат Мирзияев әкімшілігіндегі ең танымал тұлғалардың бірі.

Былтыр тамызда президент әкімшілігінде мамандар ауысып, Алламжонов ақпараттық саясат департаментінің басшысы қызметіне тағайындалған. Азаттықтың Өзбек қызметінің дереккөздері оны «әкімшіліктегі үшінші адам» деп атаған.

2018 жылдан бері президент қызы Саида Мирзияевамен бірге істейтін Комил Алламжонов өзін реформа жақтаушы, баспасөз еркіндігін қорғаушы деп көрсетіп жүр.

Жергілікті блогерлердің кейбірі ол «Америкадан пана сұраған немесе оның өзіне бірдеңе болған» деп жазған.

Азаттықтың Өзбекстан үкіметіндегі дереккөзінің мәлімдеуінше, Комил Алламжонов пен президенттің күйеу баласы Отабек Умаров арасында «соғыс» жүріп жатыр. Мирзияевтің кенже қызына үйленген Отабек Умаров президент қауіпсіздігі қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарады.

XS
SM
MD
LG