Оның сөзінше, Бішімбаев қазір тергеу абақтысында отыр.
"Ол жақын күндері Астана маңындағы абақтыға жөнелтіледі. Ол Ақмола облысында орналасқан", – деді Жәнібеков.
Экс-министр Қуандық Бішімбаев азаматтық некедегі зайыбы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған.
Бұл іс аясында қылмыстық жасыруға айыпталған Бішімбаевтың туысқаны Бақытжан Байжанов төрт жылға еркінен айырылды.
Ақмола облысында қатал режимжегі бірнеше абақты бар. Олар Астанадан 200 шақырым және одан да алыс қашықта орналасқан.