Ссылки доступа

Қырғыз президентінің баспасөз хатшысы Канделаки сөздеріне жауап қайтарды


 Дайырбек Орынбеков
Дайырбек Орынбеков

Қырғыз президентінің баспасөз хатшысы Дайырбек Орынбеков ресейлік журналист Тина Каделакидің қырғыз билігін русофобияға айыптағанына жауап берді. Бұл жөнінде ол Facebook парақшасына жазды.

Осыған дейін Канделаки Бішкектегі Панфилов атындағы әскери музейдің бұзылуына байланысты" апатты жағдайдағы ғимаратты сақтап қалуға мүмкіндік болғанын" жазып, "елде русофобияға негіз бұрыннан қаланып қойған" деген.

Орынбеков музей ғимаратын бұзу шешімі жан-жақты тексерудің нәтижесінде, техникалық қорытынды негізінде және басқа да талаптарға байланысты қабылданғанын жеткізді.

Ол Канделакиге Қырғызстанға келіп, елдің тарихымен танысуға шақырды.

"Ресейлік тележүргізушінің русофобия бойынша айыптаулары негізсіз ғана емес, абсурд", - деп жазды ол.

2015 жылы ғимарат жер сілкінісіне шыдамайды деген техникалық қорытынды нәтижесінде оны сүру шешімі шыққан.

Нысан 1969 жылы салынған. Оның орнына не салатыны әзірге белгісіз.

Тина Каделаки осыған дейін Қазақстанды русофобиямен сынаған. Қазақ билігі оған Қазақстанға келуге тыйым салған.

XS
SM
MD
LG