Исаевтың айтуынша, орталық базар лайдан тазартылған, сонымен бірге селдің сауда орнын басуға себеп болған заңсыз нысандар сүріліп жатыр.
«Жаңа базар екі айдың ішінде салынады, орталық базар сонда көшеді. Саудагерлер құрылыс аяқталғанша ескі базарда жұмыс істей алады» деп мәлімдеді әкімнің орынбасары.
Осының алдында орталық базардың саудагерлері наразылық акциясын өткізіп, базарды ауыстыру мерзімін кейінге қалдыруды талап еткен. Саудагерлер жаңа орынға көшуге қарсы емес, бірақ ескісінде екі ай жұмыс істегісі келеді.
14 шілдеде нөсер салдарынан Ошта Ақ-Буура өзені арнасынан асып, қаланың орталық базарын басып қалды. Селден бес адам қаза болды.