Ссылки доступа

Нью-Йоркте бір өзбек анасы мен үш туысын өлтірді деген күдікпен ұсталды


Өзбекстаннан АҚШ-қа көшіп кеткен бір кісі Нью-Йоркте төрт жақын туысын – анасын, жеңгесі мен оның екі баласын өлтірді деген күдікпен қолға түсті.

New York Post мәліметінше, оқиға 19 шілдеде Бруклинде болған. 24 жастағы жігіт анасын, жеңгесін және оның екі баласын пышақтап өлтірген.

Жұма күні сағат 22:20-да Нью-Йорк полициясы 56 Мавлюда Файзиеваның денесін тапты. Күдікті оны бауыздап өлтірген. Бес жастағы Камила мен 4 жастағы Тимурдың денелері шкафтан табылған. Олардың жанында 27 жастағы Мафтуна Хакимованың денесі жатқан. Ана мен балалар бірнеше жерден пышақталған.

Күдікті ұсталды. Полиция мәліметінше, оның психикалық ауытқуы болуы мүмкін. Куәгерлердің бірінің айтуынша, күдікті есірткі қолданған.

XS
SM
MD
LG