Қытай компаниясы алтын өндіріп жатқан 150 адам тұратын тәжіктің Хумгарон қышлағында проблема шықты. Ауа мен суы нашарлап, тұрғындардың денсаулығы да сыр бере бастады. Ауыл әйелдері қытай компаниясына қарсы шағым түсіре бастағанда, жергілікті полиция оған тыйым салды.
Тұрғындар билік проблемаға көз жұмып, жерді өздерінің рұқсатынсыз игеруге рұқсат беріп отыр дейді.
Қытай Тәжікстанның батыс өңіріндегі алтын кенін 2007 жылдан бері игере бастаған. Содан бері ауыл экологиясы күрт нашарлап кеткен. Мұны Азаттықтың тәжік қызметі журналистерінің зерттеуі де анықтап отыр.
Зерттеудің толық мәтінін осы жерден оқи аласыз.