Ссылки доступа

Тәжікстан сынақ ретінде Қытайдан Еуропаға дейін пойыз жөнелтеді


Тәжікстан көлік министрі Әзім Иброхим тиісті ұйымдар мен мекемелерге «Қытай – Тәжікстан – Өзбекстан – Түркіменстан – Иран – Түркия - Еуропа» дәлізі арқылы пойыз қозғалысын ұйымдастыруды тапсырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке қарағанда, осындай тапсырма министрліктің кеңейтілген отырысында берілген. Жоба 2024 жылдың үшінші тоқсанында жүзеге асуы тиіс.

Бұған қоса, министрлік жаңа темір жолдар құрылысын жүргізуді, вагондар мен локомотивтер паркін біртіндеп жаңартуды көздеп отыр.

Көлік министрлігінің мәліметінше, аймақтағы экономикалық интеграцияны арттыру үшін «Қытай – Тәжікстан – Өзбекстан – Түркіменстан – Иран - Түркия» дәлісіз тиімді пайдалану бойынша жұмыс атқарылып жатыр.

XS
SM
MD
LG