Ресми мәлімет бойынша, қазір осы орталықта Тәжікстанның 136 азаматы отыр. Консулдық өкілдері жолдаған суреттен ұсталған мигранттар арасында әйелдер де бар екенін көруге болады.
Консулдық өкілдері мигранттарға азық-түлік апарып, Ресей заңдарын қайта бұзған уақытта не болатынын түсіндірген. Алайда консулдықтағылар Тәжікстан азаматтары тағы қанша уақыт осы орталықта тұратынын, олардан арыз-шағым түскен-түспегенін хабарламады.
Орталық Азия елдерінің мигранттары «Сахаров» орталығының қызметкерлерінің үстінен талай мәрте шағымданған. Осы мекемеде Ресейдің көші-қон заңдарын бұзып, елден депортациялануы тиіс азаматтар отырады.
Тәжікстанның Ресейдегі консулдығының өкілдері Мәскеу шетіндегі «Сахаров» шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығында болды. Олар мекеме басшылығымен тәжік мигранттарын елге депортациялау мәселесін талқылады.