Ссылки доступа

Қырғызстан президенті инвесторлар мен кәсіпкерлерді қорғауды күшейту туралы заңға қол қойды


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдегі кәсіпкерлер мен инвесторларды қорғауды күшейтуді көздейтін заңға қол қойды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа заң қызмет бабын пайдалана отырып кәсіпкерлікке кедергі келтірген шенеуніктерге жаңа қолдануды қарастырады. Заң бұзғандарға 500 мыңнан 1 миллионға сомға дейін айыппұл салынып, екі жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бизнесті заңсыз тексерген шенеуніктер де жауапқа тартылады.
Президент әкімшілігінің мәліметінше, заң баспасөзде жарияланған сәттен 10 күн ішінде күшіне енеді.

Қырғызстан билігі бұған дейін де кәсіпкерлер мен инвесторлар мүддесін қорғайтын шаралар қолданған. 2024 жылғы мамырда президент тиісті мекемелерге кәсіпкерлерді жыл аяғына дейін тексеруге тыйым салған.

XS
SM
MD
LG