Ссылки доступа

Ташкентте 73 жастағы профессорды пәтерінде өлтіріп кеткен


Ташкентте социология ғылымының докторы, профессор Абдулахат Каххаровты пәтерінде өлтіріп кетті. Бұл жөнінде Өзбекстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"18 шілдеде Алмазар аудандық ішкі істер басқармасына пәтерлердің бірінде қатты шу болғаны хабарланды. Оқиға орнына барған жедел тобы пәтерден профессордың өлі денесін тапқан", - деп жазылған мәліметте.

Бұл оқиға бойынша "қасақана адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Социология ғылымының докторы Абдулахат Каххаров кезінде Өзбекстан ІІМ академиясында оқытушы болып қызмет атқарған. Ол түркі және ұйғыр тарихының белгісіз тұстарын зерттеп, 2017 жылы "Байырғы Шығыс Түркістандағы Жібек жолы құпиялары" деген кітабын шығарған.

XS
SM
MD
LG