Ссылки доступа

Қырғызстанда аурухана мен үйлерді, көпірлерді сел басып қалды


Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Базар-Қорғон ауданына қарасы Арстанбап ауылында сейсенбі күні сел жүріп, соның салдарынан инфрақұрылым нысандары қирады. Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, тоғыз үй, аурухана, сауда үйі, бес көпір, бір шақырым жолды сел басқан. Бұған қоса 23 автокөлікті сел шайып кеткен. Министрлік автокөліктер кімдердікі екенін анықтап жатыр.
Табиғат апатынан зардап шеккендер мен із-түссіз жоғалғандар туралы мәлімет жоқ.

Сейсенбі күні Ош облысы Ноокат ауданында да сел жүрді. Ол Тельман – Қара-Қой жолының 25 шақырымын шайып кетті. Соған байланысты жол жабылды.

Кейінгі бірнеше айда Қырғызстанның оңтүстігінде осымен бірнеше мәрте жойқын сел жүріп, соның салдарынан ондаған адам қаза болды, ондаған үй қирады.

14 шілдеде Ошта жүрген сел қаланың орталық базарын басып қалды. Бұған қоса осы селден бес адам мерт болды.

XS
SM
MD
LG