Ссылки доступа

Қырғызстанда жерді заңсыз сатты деген күдікпен экс-әкімдер ұсталды


Ақ-Буура өзені
Ақ-Буура өзені

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) жерді заңсыз сатқан деген күдікпен Ош қаласының бұрынғы әкімдерін ұстады. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

Мекеме мәліметінше, Ош қаласында сел жүріп, бірнеше аудандарды су шайып кеткеннен кейін, тексеру кезінде жерді заңсыз беру фактілері анықталған.

Тергеу болжамы бойынша жерді заңсыз сатуға Ош қаласының әкім орынбасары болған А.Ж.М., муниципалды меншік басқармасының бұрынғы басшысы С.А.Э., Ош қаласындағы "Кадастр" бөлімшесінің бұрынғы басшысы С.И.Б. және сәулет және құрылыс бойынша Ош аймақтық басқармасының бұрынғы басшысы Т.А.А. күдікке ілініп отыр.

14 шілдеде Ош қаласында сел жүріп, Ак-Буура өзені арнасынан шығып, жағалаудағы үйлерді, орталық базарды су басып қалған.

XS
SM
MD
LG