Ссылки доступа

Өзбекстаннан газ экспорттау маусым айында 24 есе артқан


Статистика агенттігінің есебіне қарағанда, биыл маусым айында Өзбекстан шетелге 181,5 миллион долларға газ сатқан. Бұл мамырдағы көрсеткішке қарағанда 24 есе көп.

Мекеме мәліметінше, Өзбекстан алты айда шетелге 241,4 миллион долларға газ сатқан.

Осының алдында Қытай кеден басқармасы жыл басынан бері Өзбекстан 235 миллион долларға газ жеткізгенін хабарлаған. Өзбекстан Қырғызстан мен Тәжікстанға да газ сатады.

Биыл қаңтар-сәуір айларында Өзбекстан шетелге 809,5 миллион долларға газ шығарған. Бұл 2023 жылдың осы мерзіміндегі көрсеткішке қарағанда төрт есе көп.

XS
SM
MD
LG