Тәжімбетов 23 шілдеде Бурабайда «Регион 03» клубының маңында ұсталған. Полиция оның үстінен хаттама толтырған.
Имам полиция өкіліне сыра ғана іштім деп ақталған. Алайда ол сотта кінәсін мойындаудан бас тартып, қымыз іштім деп мәлімдеген. Сот оны 15 тәулікке қамап, жүргізуші куәлігінен жеті жылға айырған.
ҚМДБ әдеп пен заңды бұзған адам «дін саласында жұмыс істей алмайды» деп мәлімдеді.
2023 жылғы қыркүйекте Алматы облысы Шелек ауылындағы «Хидаят» мешітінің имамы қызметтен алынған. Ол намаз оқып жатқан уақытта қасында жүгіріп жүрген баланың басынан ұрған. Сол кезде діни басқарма имам қатесін мойындағанын, баланың ата-анасынан, халықтан кешірім сұрағанын мәлімдеген.
Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбет мас болып автокөлік жүргізгені үшін қызметтен босатылды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.