Осының алдында жергілікті Wyborcza басылымы Өзбекстан азаматы астана саябағында украин жасөспірімдеріне пышақпен шабуылдап, солардың бірін жаралады деп хабарлаған.
Өзбекстанның Польшадағы елшілігі жариялаған видеода Машхурбек Козимжанов украиндықтар оның өзіне шабуылдағанын, қорғану кезінде біреуін жаралағанын, осы оқиғадан кейін үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтқан.
«Польша құқық қорғау органдарымен М. Козимжановтың құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатын жүргізілген келіссөздерден соң азаматымызға қатысты бұлтартпас шарасы алып тасталынды» деп хабарлады елшілік.
Дипломатиялық мекеме осы істі тергеу барысын елшілік бақылап отырғанын мәлімдеді.
Козимжанов мәселенің мән-жайын түсіндіруге көмектескен өзбек дипломаттарына алғыс айтты.