Ссылки доступа

Жапаров бірқатар қайраткерлерге "Қырғыз мемлекетінің негізін қалаушылар" атағын берді


Қырғыз президенті Садыр Жапаров "Қазіргі қырғыз мемлекетінің негізін қалаушылар жөніндегі" жарлыққа қол қойып, "қырғыз әкелері" деген атақты Әбдікерім Сыдықовқа, Иманәлі Айдарбековке, Жүсіп Әбдрахмановқа, Әбдіқадыр Оразбековке және Ишеналы Арабаевқа берді. Бұл жөнінде қырғыз президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

"XX ғасырда жаңадан құрылған қырғыз мемлекеттігінің басында осылар тұрды. Өзінің тілі, мәдениеті, тарихы бар қырғыз халқы Орталық Азияның өзге елдерімен теңдей өзінің мемлекеттігін құруға толық негіз бар", - делінген президент жарлығында.

Жапаров сонымен бірге өзінің жарлығында мектептер мен жоғары оқу орындарында оқитындарды патриоттық рухта тәрбиелейтіндей қырғыз мемлекетін қалаушылар жөнінде тиісті материалдар әзірлеуді тапсырды.

Бұдан бөлек олардың есімдерін ел есінде мәңгі қалдыру мақсатында түрлы шаралар ұйымдастыруды бұйырды.

XS
SM
MD
LG