Дзюдошы Парижде рейтингіде өзінен жоғары тұрған Торнике Чакадуаны (21-орында), украиналық Дилшод Халматовты (11-орын), тайпейлік Ян Юнвейді (1-орын), испаниялық Франсиско Гарригості (5-орында) жеңіп финалға шыққан. Ал шешуші белдесуде Франция үміті Лука Мхейдзеден (3-орында) басым түсті.
Ол бұған дейін әлем чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионы, Гран-при кезеңдерінің алтынын, Гранд-Слам жарыстарының кезеңінің алтынын иеленді. Олимпиаданың алтын, күміс, қоласын да жеңді.
Елдос Сметов – дзюдодан олимпиадада алтын медаль алған алғашқы қазақ спортшысы.
Қазақстан дзюдошысы Елдос Сметов (60 кг) олимпиадаға үшінші рет қатысып, үшінші мүмкіндігінен алтын медаль иеленді. 31 жастағы дзюдошы Парижде медаль күтсе де, дәл чемпион болып кетеді деп көп адам ойламаған.