Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров 28 шілдеде астанадағы Бішкек-2 темір жол вокзалына барып, жөндеу жұмысының қалай жүріп жатқанын көрді. Сосын мемлекет басшысы пойызбен Ыстықкөл облысындағы Балықшы қаласына барды.
Шенеуніктер президентке 186 шақырымдық Балықшы – Қошқар – Қара-Кече темір жолы құрылысы туралы есеп берді. Жыл аяғына дейін құрылыстың 40 шақырымы аяқталуы тиіс.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрыдвсы 2022 жылы басталған жобаның Қырғыз Республикасы үшін әлеуметттік-экономикалық маңызы зор.
Қырғыз үкіметі елдің солтүстігі мен оңтүстігіндегі өңірлерді темір жолмен жалғап, әрі қарай Парсы шығанағына, Каспий теңізіне және басқа да теңіз порттарына шығуды көздейді.