Өзбекстан бас прокуратурасының хабарлауынша, 26 шілдеде таңғы сағат 6:20 шамасында бір үй өртеніп жатқаны туралы мәлімет түскен.
Өрт сөндірілген соң үйден бес адамның зорлықпен өлтірілген денесі табылған. 33 жастағы ер азаматты, 25 жастағы әйелді, 6, 3 және 2 жастағы баланы біреу өлтіргені анықталған.
Кейін бас прокуратура осы іске қатысты күдікті ұсталғанын хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, 29 жастағы күдікті өлген ер азаматтың туысы болып келеді. Күдікті қылмысын жасыру мақсатында үйді өртеген болуы мүмкін. Тергеу жүріп жатыр.