Ссылки доступа

Тәжікстан мүфтияты қара түсті киім киюден бас тартуға пәтуа шығарды


Тәжікстанның мүфтияты ұлттық киімді қолдау мақсатында қыз-келіншектерге "денеге жабысатын, мөлдір және қара киім" киюден бас тартуға пәтуа шығарды.

Бұл жөнінде Тәжікстанның Ислам орталығының ресми сайтында жарияланды.

Пәтуада "денеге жабысатын, мөлдір киімдер әйел денесін айрықшалап тұрады" делінсе, "қара түсті киім ханафи мазхабының киіміне жатпайтыны, Тәжікстанның ұлттық құндылықтары мен географиялық жағдайларына сәйкес келмейтіні айтылған.

"Тәжік әйелдері мен аналары ғасырлар бойы ұлттық дәстүрге тән киім киініп келген", - делінген пәтуада.

Тәжікстанда таяуда қабылданған "Салт-дәстүр, діни жоралғыны реттеу жөніндегі" заңда ұлттық мәдениетке сай келмейтін киімдерді насихаттауға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG