Ссылки доступа

Халықаралық ұйымдар Өзбекстанда блогерлерге қысым күшейгенін айтады


Өзбекстанның Қашқадария облысында жергілікті блогер Умид Миралиев соққыға жығылды. Блогер бауыры екеуіне шабуыл жергілікті биліктің бұйрығымен болғанын айтады.

Қашқадариялық блогер Умид Миралиев шабуылдан кейін мүгедек болып қалды. Ол сөз бостандығы үшін күресіп, әлеуметтік мәселелерді көтеріп, халыққа көмек көрсетіп келген. Бірақ 2022 жылдан бастап жергілікті билік қысым көрсетіп келді дейді.

Соңғы кезде Өзбекстанда өзекті мәселелерді көтеретін блогерлер мен журналистерді қуғындау және қамау оқиғалары көбейіп кетті.

"Орталық Азиядағы адам құқықтары" ассоциациясы Өзбекстандағы блогерлер және әлеуметтік желідегі белсенділер туралы 3-3,5 жылды қамтыған баяндамасын жариялады.

"Құқық қорғау органдары қарақалпақтық оппозиционерлерге және белсенділерге ерекше қатал шешім шығарып жатыр. Өзбек билігі шетелде тұратын блогерлердің мәлімдемесіне олардың елде тұратын туыстарына қысым көрсету арқылы жауап беріп жатыр" делінген баяндамада.

Шавкат Мирзияев президенттікке келген алғашқы жылдары журналистерді, қоғам белсенділерін және блогерлерді атқару билігін аясыз сынға алуға шақырған.

XS
SM
MD
LG